Өзін өзі бағалау » 11 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №11 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
июль
2023

Өзін өзі бағалау

Алматы облысы білім басқармасының Талғар ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің « №11 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022-2023 оқу жылы мектеп кітапханасындағы оқушылармен өткізілген іс-шара жұмыстары туралы жылдық есебі

Талғар аудандық білім бөлімінің 15 тамыз №220-Н бұйрығын және мектеп
әкімшілігінің бұйрығын басшылыққа ала отырып, оқушыларды оқулықпен тегін қамту туралы бұйрық шығарды. Осы бұйрықтарды басшылыққа ала отырып мектеп
директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Н.Ахметсейтова, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алимжанова Э., әлеуметтік педагог Тлепбергенова Д., мектептің кітапхана меңгерушісі Жубаниязова М.Ж. жаңа оқу жылында оқушыларды оқулықпен қамту жөнінде көптеген жұмыстар атқарылды.

Атқарылған жұмыстың мақсаты: Жетім балалар,ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік құқығы бар отбасыларының балалары, мемлекет атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен
отбасының балаларын қайтарымды негізінде тегін оқулықпен қамтамасыз ету. 2022-2023 оқу жылында жаңа бағдарлама бойынша 2 қазақ , орыс сыныптарына жаңадан оқулықтар алынды.
Жаңа оқу жылында оқушы саны 654 бала,соның ішінде қазақ сыныбында оқитын оқушы саны 574 бала,орыс тілінде оқитын оқушы саны 80 бала.Оқушыларды оқулықпен қамту 100 пайызға орындалды.Мектеп оқушылары 1-11 сыныптар жаңа
бағдарлама бойынша «Атамұра баспасы» «Мектеп баспасы», «Алматыкітап баспасы» ,
«Назарбаев зияткерлік мектебі баспасы», «Арман ПВ» баспасы тағы басқа баспаның оқулықтарымен оқиды,Жаңа бағдарлама бойынша 1-11 ші қазақ сыныптарына 574 оқулық жинақтамасы берілді.1-11 орыс сыныптарына 80 оқулық жинақтамасы берілді.

2022 жылы алынған оқулықтарды қосқанда 2022-2023 оқу жылында оқушылардың оқулықтармен қамтамасыз етілуі.




р/с Сыныптар Барлық
қамтамасыз етілгендер


Всего
обеспеченных Қазақ тілінде оқитын оқушылар


Казахским языком обучения Орыс тілінде оқитын оқушылар

Русским языком обучения
саны комп ℅ саны комп ℅ саны комп ℅
1 1 83 83 100 75 75 100 8 8 100
2 2 56 56 100 56 56 100 - 100
3 3 70 70 100 64 64 100 6 6 100
4 4 77 77 100 66 66 100 11 11 100
5 5 74 74 100 58 58 100 16 16 100
6 6 63 63 100 63 63 100 - 100
7 7 66 66 100 57 57 100 9 9 100
8 8 57 57 100 46 46 100 11 11 100
9 9 67 67 100 53 53 100 14 14 100
10 10 22 22 100 22 22 100 - 100
11 11 19 19 100 14 14 100 5 5 100
Барлығы 654 654 100 574 574 100 80 80 100






Мектеп басшыларымен бірге оқушылардың оқулықтары, дәптерлері, күнделіктері, ай сайын тексеріліп,кемшіліктері болса сынып жетекшілеріне айтып, анықтама
жазып отырылады.
2022 жылдың 1 қыркүйек айында 2022-2023 жаңа оқу жылында Білім күніне орай мектеп кітапханасында «Кітап –білім бұлағы» атты кітап көрмесі
өткізілді.Көрмеге 1-11 сынып оқушылары белсене катысты жазғы демалыста өздерінің оқыған кітаптарын ортаға салып білім туралы тақпактарын жатқа айтап білімге деген құштарлығын білдірді. «Тіл мерейі-ел мерейі» атты көрмесі өткізілді.
Мақсаты: Ана тілінің қадір қасиетін ұрпақ бойына дарыту.Оқушылардың ойының дамуын,дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуына,нағыз адам болуы үшін,ана тілінде сөйлеу шеберлігін жетілдіру.Ана тілін қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қанатты сөздер,қазақ халқының ұлы ғұламаларына арналған буклеттер, кітап журналдар,әдеби шығармалар.
Көрменің өткен мерзімі:21 қыркүйек 2022 жыл
Ана тілінің құдіретін қанша айтсақ та түгесу мүмкін емес.Әркім өз тілімен
сөйлесуге,анасынан туа үйренген тілмен сөйлесуге тырысуы керек.Ана тілін қадір тұтпай өз халқыңды сүйе алмайсың.Көрмеге 5-6 сынып оқушылары
қатысты.Көрмеге қазақ ақын жазушыларының шығармалары қойылды.Атам
айтсақ,М.Шаханов «Эврестке шығу»,Т.Молдағалиевтың «Күндер жылдар өтеді»,
«Шақырады көктем»,А.Құнанбаевтың «Өлеңдер
жинағы»,Ж.Жабаевтың,Ш.Құдайбердіұлының,М.Жанәділовтың,және басқа да ақын жазушыларымыздың кітаптары қойылды.Тілі нәрсіздің ойы нәрсіз,Тіл

жүректің түбіндегі ойды қайталайды.Құнды сөз құнарлы ойдан шығады демекші,халық тілі –тарих шекарасынан әлде қайда әріректен
басталады.Сондықтан күллі рухани тіршілігімізге еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі-ана тілімізді
сақтайық.құрметтейік. «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата бабамызды,тарихымызды ұмыту»-деп батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай, тілімізді құрметтейік!
2022-2023 оқу жылы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жасқа толған мерейтойына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты көрмесі өткізілді.
Атқарылған жұмыстың мақсаты:
а) білімділік: А.Байтұрсыновтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;
ә) тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;
б) дамыушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекіліктер: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет.
Көрменің өткізілген мерзімі: 27 қыркүйек 2022жыл Құрметті оқушылар, ұстаздар!
А.Байтұрсыновтың туылғанына 150 жыл толды. Мектеп кітапханасында «Ұлттың ұлы ұстазы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмені А.Байтұрсынұлының мына өлең жолдарымен бастадық:
«Балалар бұл жол басы даналыққа, Келіңдер, оқып байқап қаралық та.
Бұл жолмен бара жатқан өзіңдей көп, Даналық-өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңдер іздеп тауып алалық та!», деп ақын ағамыз жырлағандай, «Кітап-ғылым, тілсіз мұғалім»деп тегін айтылмағанғой. Оқушылар А.Байтұрсынұлының
өмірбаянымен терең танысты. 1912 жылдан бастап реформалаған әліпби
қолданысқа енді. Сол әліпби негізінде тұңғыш «Әліппе» оқулығы жарыққа шықты.
А. Байтұрсынұлының бұл«Әліппесі» сол кезеңдегі қазақ қоғамын сауаттандыру
ісіне теңдессіз қызмет атқарған болатын. Міне, ақын ағамыздың «Әліппесін» 2021- 2022 оқу жылынан бастап, 1 сынып оқушылары оқи бастады. Қорыта келсек,
А.Байтұрсынұлы ұзақ ғасырлар бойы орта түркі жазу дәстүрін сақтап келген қазақ жазуын, қазақтың алғашқы тіліне лайықтаған алғашқы реформатор.

Ұстаздар күніне «Ұстазым - мақтанышым» атты кітап көрмесі өткізілді.
Атқарылатын жұмыстың жұмыстың
мақсаты: Білім алуға саналы көз қарас қалыптастыру,ұстаздық мамандықтың қиына мен қызығы жүретіні жөнінде шәкірттің түсінігін қалыптастыру.
Көрнекілігі:Қанатты сөздер,қазақ халқының ұлы ғұламаларына арналған буклеттер,кітап журналдар,әдеби шығармалар.
Көрменің өткен мерзімі: 3 қазан 2022 жыл

Армысыздар аяулы ұстаздар,қонақтар! Сіздерді жылда алтын күзбен арайлап келетін төл мерекелеріңіз мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ұстаз! Ұстаздық-ұлы нәрсе! Ұстаздық ету-өзінің уақытын аямау,өзгенің бақытын аялау.Жарық дүниеде бұдан асқан қиын,бұдан асқан қиямет-қайым қызмет жоқ.
Тәуелсіз еліміздің керегесі кең,шаңырағы биік болып дүние жүзінің алдыңғы қатарлы елдеріне қосылу үшін білімді ғылымды дамытуымыз керек.
Көрмеге еліміздің ақын жазушыларының көптеген кітаптары қойылды.Атам
айтсақ,Т.Молдағалиевтың, М.Мақатаевтың, М.Жумабаевтың А.Құнанбаевтың ,І
Жансугіровтың және тағы басқа ақын жазушылардың кітаптары қойылды. Көрмеге 1-11 сынып оқушылары қатысып ұстаздарына арнап шығарған өлеңдерін оқыды.Мәртебесі биік ұстаздармен «Адамның адамшылығы жақсы ұстаздан болады»- деп Абай атамыз айтқандай бүгінгі төл мерекені,яғни өз мерекелеріңіз
күні қуанышымыз сіздермен ортақ болсын деп оқушылар ұстаздарына тілектерін білдірді.
2022-2023 оқу жылы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына орай кітапханада кітап көрмесі өткізілді
Атқарылған жұмыстың мақсаты: а) білімділік: М. Әуезовтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;
ә) тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;
б) дамыушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекіліктер: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет.
Көрменің өткізілген мерзімі: 21 қазан, 2022жыл
Қазақтың заңғар жазушысы, Абайтану ғылымының негізін салған, Абайды
әлемге алғаш танытқан жазушы-академик – Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің (1897- 1961) туғанына 125 жыл толуына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге
сирек кітаптар қорынан М.Әуезовтің көркем шығармалары, соның ішінде: 1945 жылы жарық көрген орыс тіліндегі «Абай: романы»;, Таңдамалы шығармалары» (1955-1957), «Индия очерктері: көріністері» (1958), «Қараш-қараш: әңгімелер, пьесалар жинағы» (1960), «Өскен өркен: романы» (1962) «Қаралы сұлу:
әңгімелері» (1965), «Көксерек: повесть» (1967), «Қилы заман: повестер мен
әңгімелері» (1975) басқа тілдердегі кітаптары және М. Әуезов жайында жазылған ғылыми еңбектері қойылды.
Көрмеге оқушылар белсене қатысып, шығармаларнан үзінділер оқыды.
2022-2023 оқу жылының 21-22 қараша айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітап - алтын қазына» атты кітап көрмесі онлайн түрінде өткізілді
Атқарылатын жұмыстың мақсаты: Оқушылардың әдеби кітапқа
құштарлығын арттыру,маңыздылығын түсіндіру,кітапханаға оқырмандар тарту,оқырмандардың сөздік қорын,ой өрісін дамыту,рухани тәлім тәрбиеге баулу,көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Кітаптар көрмесі, кітап туралы қанатты сөздер, мақал-мәтелдер.

Бүгінгі көрме бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажап істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені –кітапқа арналады.
ХХ1 ғасыр-руханият,мәдениет,ақпарат ғасыры.Қай қоғамның да тұрақты дамуында мәдениеттің алар орны зор екенін алға тартсақ,біздің рухани мәдени
тынысымыздың өзекті мәселелерінің бірі –кітапхана.
«Кітап та алма ағашы Жемісін біздер теретін Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін», деп Мұзаппар Әлімбаев атамыз жырлағандай әдеби кітаптар мен оқулықтар - сіздерге білім көзі рухани қазына. Біз кітап арқылы бастауыш сыныптың өзінде-ақ ақындардың өмірімен танысамыз.
Көрмеге қазақ ақын-жазушыларының шығармалары қойылды.Атап айтсақ, М.Шаханов «Эврестке шығу», Т.Молдағалиевтың «Күндер жылдар өтеді»,
«Шақырады көктем», А.Құнанбаевтың «Өлеңдер жинағы», Ж.Жабаевтың,
Ш.Құдайбердіұлының, М.Жанәділовтың және басқа да ақын-жазушыларымыздың кітаптары қойылды. Жаңадан келген балаларға арналған ертегі кітаптар қойылды.
Нақтырақ тоқталсам, «Қазақ халық ертегілері», «Ұйқыдағы ару», «Бүркіттің балапаны», «Бал бұлақ», «Қаршақыз».Көрмеге 2,3,4 сынып оқушылары оқыған
кітаптарын айтып, кітап туралы білетін шығармаларын айтып, белсене қатысты. Қорытынды.
Балалар, біздің ата-бабаларымыз «Кітап көп ақылдың құйылған көлі, кітап ғажап дос», деп бекер айтпаған. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді
қамқорлыққа, адалдық пен әділдікке үйретеді, дей келе бүгінгі көрмені аяқтаймыз. Білімді де білікті тұлға болу үшін, жан-жақты ой-өрісімізді дамытуға ат салысайық.
2022-2023 оқу жылының 23 қараша айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы
аясында әлемнің ақын-жазушыларының қазақ тілінде аударылған шығармалары
«100 жаңа кітап» атты кітап акциясы онлайн түрінде өткізілді.
Атқарылатын жұмыстың мақсаты:
- Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
- Әлемнің ақын жазушыларының қазақ тілінде аударылған шығармаларымен таныстыру;
Көрнекілігі: Қанатты сөздер, қазақ халқының ұлы ғұламаларына арналған буклеттер, кітаптар, әдеби шығармалар.
«Жаңа гуманитарлық білім, қазақ тіліндегі100 жаңа кітап»жобасы,
әлемнің озық, заманауи және таңдаулы үлгілері негізінде жастарға жаңа деңгейдегі сапалы білім беруді қамтамасыз етуді көздейді. Көрмеге мектеп оқушылары белсене қатысты.
Мектебімізде 7-10 сынып оқушылары әлем ақын-жазушыларының қазақ тіліне аударған шығармаларын оқып көптеген мағлұмат алғандарын, атап айтсақ
кітапханамыздағы әлемдік классикалық оқулықтар авторлары Лион Фрейхтвангер, ОскарУайльд, Чезаре Павезе, АльберКамю, Агата Кристи, ДжонГолсуорси, Проспер Мериме, АнтонЧехов, Константин Паустовский, Валентин Паустовский, Иван Бунин тағы басқа ақындардың кітаптарына қызығушылықтарын аңғартып, ортаға салды. Атап айтсақ, 7,8,9,10 сынып оқушылары. Олар өзге оқушыларға да

оқыған шығармаларын насихаттап, кітап оқудың маңыздылығын айтып, барша білім алушыларды кітап оқуға шақырды.

Оқырман белсенділігін қалыптастыру үдерісі мектепте заманауи тиімді технологиялар мен оқыту әдістері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мектеп оқушысының кітап оқу іс – әрекетін дамыту Қазақстандағы білімді жаңғыртуда басым бағыттардың бірі болып табылады. Ұлттың рухани және интеллектуалды ілгерілеуінің құралы ретіндегі оқылым іс-әрекетіне балаларды және жастарды тарту мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасының үлесі маңызды болмақ 2022-2023 оқу жылы мектеп кітапханасының оқырмандармен жүргізілген
жұмыстары және кітапхананың оқу үрдісіне ықпалы. Оқушылардың оқулықтарын бақылаудағы жүргізілген жұмыстар
Атқарылған жұмыстың мақсаты:
Рухани жан дүниемізді, білімімізді молайтып үлгі-өнеге беретін ақылшы дос, білім көзі, рухани қазына кітап әлеміне шолу жасау, кітап әлемі адамды арман биігіне самғатып, ақыл ой сұлулық әлемін шарлатып, білім-ғылым жолына
жетелейтін ғажайып дүние екенін ұғындыру. Кітапты таза ұстау әрбір оқушының абыройлы міндеті екенін түсіндіру. Көркем әдебиет оқуға тәрбиелеу.
Жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухы мен ұлтжандылыққа тәрбиелеу;
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер,қазақ халқының ұлы ғұламаларына арналған буклеттер, кітаптар, әдеби шығармалар.
Мектеп кітапханасы оқырмандармен тығыз байланыста «Оқуға кұштар мектеп» бағдарламасы аясында бекітілген жоспар бойынша іс-шаралар мен кітап көрмелері өз уакытында өткізілді. Атап айтсақ, білім күніне орай «Кітап –білім бұлағы»,тіл мекересіне «Тіл мерейі-ел мерейі», «А.Байтұрсынұлы 150-жаста», «Ұстазым-
мақтанышым», « Мұхтар Әуезов 125-жаста», «100 кітап акциясы», «Кітап алтын – қазына». Оқушылардың кітап оқуға құштарлығы артылуда. 2020 жылдан бастап
мектеп кітапханасына жаңа кітаптар келіп, кітапханамыз жаңа кітаптармен толықтырылды. Бастауыш, орта буын, жоғары сынып оқушыларына арналған кітаптары қазақ, орыс тілдерінде әкелінді. Пән мұғалімдері сабақ барысында
оқушыларға қажетті тақырып бойынша кітаптарын алып отырды, сонымен қатар пән апталықтарына да керекті кітаптарын алып, сабақтарына пайдаланады.
Кітапханада белгілі такырыптар бойынша кітап көрмелері өтті, оқушылар көрмеге белсене қатысып, өлең мен арнауларын оқып, өздерінің кітапханадан алып оқыған кітаптары жөнінде түсінгендерін қысқаша айтып берді.
Оқушылардың оқулықтары әр сынып бойынша ай сайын тексеріліп, оқушылар оқулықтарын жыртпай, ұқыпты ұстауларын сынып жетекшілері мен ата-
аналарына ескертіп анықтама жазып отырдым.
2022-2023 оқу жылы Әзілхан Нұршайықовтың 100 жасқа толған мерейтойына орай кітапханада «Ерлік пен махаббат жыршысы» атты кітап
көрмесі онлайн өткізілді.

Атқарылған жұмыстың мақсаты:
а) білімділік: Әзілхан Нұршайықовтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру;
ә) тәрбиелік: Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу;
б) дамыушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.
Көрнекіліктер: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет.
Көрменің өткізілген мерзімі: 22 желтоқсан 2022жыл
Әзілхан Нұршайықов 1922 жылы 15 желтоқсанда Шығыс
Қазақстан облысы Жарма ауданында дүниеге келген. 14 жасында поэзиямен айналысып, өлең жаза бастады.
Ә. Нұршайықов ұзақ жылдар журналистік қызметте болды. Журналистік қызметпен қатар, ол үнемі әдеби жұмыспен айналысты. Очерк, әңгіме, повестер мен романдардың авторы. Көзі тірісінде 40-тан астам кітап шығарды: «Алыстағы ауданда» (1956), «Тың астығы» (1958), «Ертіс жағасында» (1959), «Жомарт өлке» (1960), «Махаббат жыры» (1964), «Махаббат қызық мол жылдар» (1970), «Ақиқат пен аңыз» (1976), «Екі естелік» (1985), «Өмір өрнектері», «Қаламгер және оның достары» (2000), «Мәңгілік махаббат жыры» (2005), және т.б. Оның шығармалары әлем халықтарының көптеген тілдерінде жарық көрді.
Көрмеге мектеп оқушылары белсене қатысты. Жазушының өмірбаянымен танысып, оқыған әдеби шығармаларымен бөлісті.
2022-2023 оқу жылы қаңтар айында бастауыш сыныптардың онкүндігіне орай 1-4 сыныптарға «Кітапханаға саяхат» атты кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты:
1. Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін оқушыларға ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.
2. Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу;
3. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.
«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі көрмеміз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.
«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге».
(Абай Құнанбаев)
Көрмеге 1-4 сынып оқушылары қатысты. Көрмеге қазақ ақын-жазушыларының кітаптары мен халық ертегілерін койдым. Сонымен қатар, оқушыларға кітаптарды қолдану ережелерімен таныстырдым.
- Кітап беттерін, бұрыштарын бүктеме.

- Кітап сырты бүлінбес үшін, қаптап ал.
- Кітап беттерін жыртпа.
- Кітапқа сурет салма, жазба.
- Тамақ ішіп отырып, кітап оқыма.
- Кітап беттерінің арасына қарындаш, қалам салма.

Көрмемізді «Кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!» деген ізгі тілектермен тәмамдадық.
2022-2023 оқу жылы 6-7 сынып оқушылары арасында ақпан айында «Кітап құмар оқырмандар» сайысы өткізілді.
Мақсаты
1. Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру,
2. Оқушылардың денсаулығы мен психологиялық жай-күйін жақсарту;
3. Оқушыларды жаман әдеттерден арылтып, зейінін дамыту;
Әдеби кітап оқыған бала табысты әрі бақытты болады. Жастайынан эмоционалды интеллектісі қалыптасады. Әлемге мейіріммен, ақылмен және сабырмен қарайтын адам болып өседі. Адамның ми нейрондары 25 жасқа дейін қалыптасып толысады. Оған дейін алған білімі мен дағдысы өмірлік азық болмақ. Қазіргі жастар әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланбайды. Мардымсыз мағлұматтың көптігінен ойлауы бұзылып жатыр.
Білім алушылар білетін классикалық шығармаларымен бөлісті. Оның ішінде кітапханаға келіп түскен жаңа оқулықтар да баршылық. Атап айтсақ, Б.
Момышұлының «Ақиқат пен аңыз», «Ұшқан ұя», Қ. Қасенов «Жау тылындағы бала» сынды т.б.
Классикалық әдебиет – уақыт пен халық сынынан өткен шығармалар. Жүз
жылдық тарих сынынан да өтті. Классикалық әдебиеттің қадірлі екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. Бұлар көпшілік мақұлдаған, шындығын, өміршеңдігін мойындаған
кітаптар. "Классикалық әдебиеттегі тағдыр – шынайы адамның тағдыры" деген екен Мұхтар Мағауин.
Сайысқа 8-9 сынып оқушылары қатысып, өз оқыған әдеби шығармаларын ортаға салды.
Атап айтсақ, Қатес Бекнұр, Мекенбаев Шадияр, Серікдуған Ақзере, Серікдуған Аяулым, Нұркелді Нұрай т.б.
Сайыс нәтижесінде, үздік оқырмандарға мадақтама грамоталары беріліп, марапатталды.
2022-2023 оқу жылы ақпан айында Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай
«Мұзбалақ-Мұқағали» атты кітап көрмесі өткізілді.
Атқарылатын жұмыстың мақсаты:
а) білімділік: М.Мақатаев өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру
ә) тәрбиелік: отанды туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу

б) дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту
Көрнекілігі: ақынның портреті, шығармалары, ақын туралы естеліктер, нақыл сөздер, буклет
Көрменің өткен мерзімі: 8-9 ақпан 2023 жыл
Құрметті оқушылар,ұстаздар 9 ақпан Ақиық ақынның туылған күніне орай мектеп кітапханасында «Мұзбалақ-Мұқағали» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Және де мектебімізде «Есіме мені алғайсың» атты әдеби кеш өтті, мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін,поэмаларын жатқа айтып «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан көрініс көрсетіп белсенді қатысты.Мұқағали Мақатаев балалық шағынан–ақ ерте есейді, еңбекке ерте араласты. Орта мектепті бітірген соң
ауылдың хатшасы, қызыл отаудың меңгерушісі, комсомол қызметінде болды. Мұқағали поэзиясы – таңғы шықтай мөлдір поэзия. Ақынның «Дариға жүрек»,
«Аққулар ұйықтағанда», «Өмір - дастан», «Атамекен», «Райымбек» т.б кітаптары жарық көрді.Ақынның «Аманат» атты жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік
сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар екені анықталып отыр. Мұқағалидың 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. М.Мақатаев 14-15 жасынан өлең жаза бастайды. Қазақ классиктерінен бөлек, Есенин, Пушкин, Блок, Гейне, Гете, Дюма, Драйзер, Байрон,
Бальзак, Шекспир және Лондонды сүйіп оқиды. Нарынқолдағы орта мектеп интернатта білім алып, кейін Қазақ мемлекеттік университетінің филология
факультетінде, шет тілдер институтында, кейін ҚазМУ-дың заң факультетінде оқиды. 1973 жылы Мәскеу қаласындағы Максим Горький атындағы әдебиет институтының
студенті атанады. Бірақ бұл оқуын да соңына дейін тәмамдамай, бір жылдан кейін елге оралады. Өзінің айтуынша, бұған балаларына деген сағынышы мен оқу
бағдарламасына көңілінің толмауы себеп болған.
Көрмеге 3-11 сынып оқушылары қатысып ақынның ән жырларын ,поэмаларын
жатқа айтты. Көрмеге қазақ ақын жазушыларының шығармалары қойылды және де ақынның от басымен түскен, достарымен, әріптестерімен түскен суреттері
қойылды.
« Оқуға құштар» мектеп бағдарламасы аясында «Ұлы халықтың-ұлы Абайы»
атты Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы 2-10 сыныптар арасында наурыз айында өткізілді.
Атқарылатын жұмыстың мақсаты:
Оқушының бойына ақыл мен парасатты, сөз құдіреті мен көркем сөздің мәйегін бойына сіңдіру. Ұлыларымызды құрметтеу, сол арқылы оқушы бойына мақтаныш сезімін тудыру, даналардың даралығын бағалау, қастерлей білуге баулу.
Оқушылардың Абай шығармаларымен жұмыс істеу арқылы өлеңге, әнге, өнерге деген әуестігін дамыту.
- Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру

-Көркем әдебиетке деген кызығушылықтарын арттыра түсу,оқушылардың бойындағы шығармашылық кабілеттерін дамыту:
Көрнекіліктер: буклеттер, кітаптары, ақынның суреттері,қанатты сөздер
«Оқуға құштар» мектеп бағдарламасы аясында 2-10 сынып оқушыларымен Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды.
- Сайыс екі кезеңді қамтыды.
I. «Өлең сөздің патшасы сөз сарасы» Абай шығармашылығын жатқа оқу сайысы.
А)Өлең сайысы (Кез келген шығармашылығынан)
II. «Қарасөздер мазмұны»
Б)Қара сөздерін жатқа ,түсіне айту.
Сайысқа 2-10 сынып оқушылары қатысты.
I- Кезең бойынша 10 «ә» сынып оқушысы жоғарғы сыныптан Аитбек Айнара бас жүлдеге ие болды, бастауыш сыныптан 3 «ә» сынып оқушысы Дуйсенбай Акарыс бас жулдеге ие болды, 1 орынға Абиыр Айару,Абу Мариям,Орынхан Аделя, Рауаят Аруна,Катес Ернур ие болды.2 орынға Хайратбекова Инабат,Айтбек Улпан, Нурбекұлы Нүрсұлтан,Ибрахим
Султанғали,Мекенбай Фатима,Серікдухан Нұрай,Аділбайұлы
Асанәлі,Амантурды Назерке,Қуандық Аружан.,ал 3 орынға Абылғазы Нұрай,Ибраимова Нұрдана ие болды.
Қатысқан басқа сынып оқушыларына номинациялар берілді.
II-Кезең бойынша 10 «а» сынып оқушысы Аубакир Алфия бас жулдеге ие болды,1 орынға 7 «В»сынып оқушысы Бисенбекқызы Айбота марапатталды.
Әділқазылар қатысқан оқушылардың өнерін дұрыс бағалап орын алғандарын мадақтамалармен марапаттады.
Қорытынды: Абай шығармаларының мағынасын терең бойлап ұғып-түсіне алатын, Абай дәстүрін жалғастырушылар тобы молая түскеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Бүгін жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтап, әлі де биік шыңдардан көрінулеріне тілектес екендігімізді білдіреміз.
2022-2023 оқу жылы « Оқуға құштар» мектеп жобасы аясында бастауыш 3-4 сыныптар арасында «Оқырмандар бәйгесі» атты байқау өткізілді.
Атқарылатын жұмыстың мақсаты:
- Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру
- Ана тілінде еркін әрі таза, әдеби тілде көркем сөйлеп, жылдам ойын қорытып, жауап беруге дағдыландыру;
-Оқушыларға ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын ,әдеп-ғұрпын дәріптеу,оқушылардың халық ауыз әдебиеті,оның ішінде ертегілер туралы білімдерін тереңдету;
-Көркем әдебиетке деген кызығушылықтарын арттыра түсу,оқушылардың бойындағы шығармашылық кабілеттерін дамыту:

-Ұкыптылыққа жауапкершілікке,жаксыдан үйреніп,жаманнан жирене білуге тәрбиелеу:
Көрнекіліктер: буклеттер, ертегі кітаптары, ақын-жазушылар суреттері;
«Оқуға құштар» мектеп бағдарламасы аясында 3-4 сынып оқушыларымен
«Оқырмандар бәйгесі» атты байқау ұйымдастырылды. Халық ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі-ертегілер болып табылады.Онда қазақ халқының ғасырлар
бойы бастан кешкендері суреттеледі,ертегіден халқымыздың тұрмыс-салтын,әдет- ғұрыпын білеміз.Онда шындық оқиға мен киял-ғажайып оқиға келіп отырады.
Білім алушылар өз оқыған кітаптарымен ой бөлісе отырып, өз қызығушылықтары мен оқуға деген құштарлықтарын ерекше көрсете білді. Байқауды өткізу барысында, балалар өздерін қысылмай еркін ұстады. Себебі, олардың көңілділігі мен қуанышты күйі ерекше сезілді.Атап айтсақ 3 «А»сынып оқушылары Катес Е,Ғалым И,Төлтай А,Мәлік А,Нұрбекұлы Н, 3 «Ә» сынып оқушылары Дуйсенбай Ақарыс,3 «В» сынып оқушылары Еркін А,Ахан Ибрахим,Айтбай А,4 «А» сынып оқушылары Абу Мариям,Сапарбай Айша,4 «В» сынып оқушылары Ержанұлы А,Кенжехан Балауса,Мұрат Ұлар,Бердібек Аділет,Жолдас Айсұлу,4 «Ә» сынып оқушылары Мамет М,Каримова А,Шеризат Мұқағали,Абляжан А.
Егеменді елдің жас ұрпақтарын тәрбиелеу,талапқа сай білім беру, бүгінгі күннің уақыт күттірмес мәселелерінің бірі. Сондықтан да, бастауыш сынып оқушыларына жүйеленіп, дайындалып берген белгілі бір білімді беріп қана қоймай, балалардың тілдерін дамыту, қоршаған орта жайында дұрыс көзқарас қалыптастыру,ойын дұрыс жеткізе білуге, сөйлеу мәдениетіне,шығармашылық бағытта жұмыс
істейтін,біртума ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру
міндеті болып тұр. Оқушылар белсене қатысып оқыған ертегілерін айтып берді, өз ойларын еркін жеткізе білді,бастауыш сынып жетекшілеріне алғысымызды айта отырып, болашақта білім алып отырған шәкірттерінің жемісін көрулеріне, оқушылар сабақтарын 4-5 деген бағамен оқуларына тілек білдірдік.
Қорытынды:
Балалар біздің ата-бабаларымыз «Кітап көп ақылдың құйылған көлі»,Кітап ғажап дос деп бекер айтпаған.Барлық білімді кітаптан аламыз.Кітап бізді
қамқоршылыққа,адалдыққа,әділдікке үйретеді.дей келе бүгінгі байқауды аяқтап оқушыларымыз көп оқып ,білімді болуы үшін ат салысып дінімізді,тілімізді
құрметтейік . жылы «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Отбасында бірге оқимыз» тақырыбында 2023 жылдың Сәуір айында «Ертегі оқып өсеміз?» атты кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты: ата –ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту,
Бала тәрбиесіне ата-ананың назарын аударту, сол арқылы кітап оқуға отбасын жұмылдыру.
«Ертегі оқып өсеміз» тақырыбында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Халық ауыз әдебиетінің көне түрлерінің бірі-ертегілер болып табылады.Онда қазақ халқының ғасырлар бойы бастан кешкендері суреттеледі.Ертегіден халқымыздың тұрмыс- салтын әдеп ғұрыпын білеміз .Онда шындық оқиға мен қиял-ғажайып оқиға аралас келіп отырады.
Әжемнің ертегілеріне оқушылар ата аналарымен бірге қатысты. Атап айтсақ, Алпысбаевтар отбасы, Абу Мариям әжесімен және тағы отбасылар қатысты.
2022-2023 оқу жылы сәуір айында Жас өнертапқыш оқушыларға «Сен не білесің?»
атты кітап көрмесі өткізілді.
Мақсаты:
1. Білімнің кілті - кітап арқылы берілетінін оқушыларға ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру; Рухани жаңғыру бағдарламасына сай, балаларға қазақ ақын-жазушылары туралы мәліметтер беру.
2. Кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу;
3. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, кітапқа деген қызығушылығын арттыру; сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру.

«Өнертапқыш» ғылыммен айналысушы, ғылыми ізденіс жасаушы, тың ойлар мен түрлі жобаларды іске асырушы адам. Олар басқа адамдардан ұтқырлығымен ерекшеленеді. Ұсынған жобалары жаңа қоғамның жаңаша идеялары болады. Олар елдің экономикасын дамытуға, мемлекетті көркейтуге қажетті, ұтымды жобалар ұсынады.
«Кітап-ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмаған ғой. Бүгінгі көрмеміз бәрімізді білімді, өнерлі болуға тәрбиелеп, талай ғажайып істердің құпиясын ашуға көмектесетін ақылдың кені-кітапқа арналады.

«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық білім кітапта, Ерінбей оқып көруге».
(Абай Құнанбаев)
Көрмеге 5-9 сынып оқушылары қатысты. Көрмеге ғылым туралы көптеген
кітаптар қойылды атап айтсақ «Талғарым тау бесігім» энциклопедиясы, «Сұрақ жауап» энциклопедиясы, «Ақмола» энциклопедиясы, «Даланың дархан дүлдүлі»,Уалихан Калижановтың Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым кітаптары, «Сен не білесің?» » энциклопедиясы ,т.басқа қазақ ақын-
жазушыларының кітаптары койылды.
2023 жылдың 5-6 Сәуір күндері мектепте 1-11 сыныптарға кітап тексеру үшін рейд жүргізілді.
Тексеру кезінде оқулықтың тазалығын, сыртының қапталғанын тексерілді.Тексеру барысында 1 Ә сынып оқушысы Орынбасар Ислам оқулықтарын ұқыпсыз
ұсталғанын көріп сынып жетекшісі Жумаханова Анар Дубекқызына ескертілді ,1
«Б»,1 «А», 1 «В» сыныптарды тексергенімізде кейбір оқушылардың
оқулықтарының сырты қапталмағанын көріп сынып жетекшілеріне ескертілді 2,3,4

сыныптарды тексергенімізде оқулықтарын ұқыпты ұсталғанын көрдік. 5,6, 7, 8,9,10,11 сынып оқушыларын тексергенімізде оқушылар сабақ кестесі бойынша оқулықтарын әкелген, кейбір оқушылардың оқулықтарының қабы жоқ екенін
көріп,тез арада қаптап алуларын сынып жетекшілеріне айтып ескертілді. Алдағы уакытта да оқулықтарын таза ұстап,сабақ кестесі бойынша оқулықтарын әкелуін сынып жетекшілеріне,пән мұғалімдеріне оқушылардың ата аналарына
ескертілді. 2022-2023 оқу жылы 6- мамыр Ұлы жеңістің 78 жылдығына орай
мектеп кітапханасында «Өшпес ерлікке-мәңгі тағзым» атты кітап көрмесі өтті. 1.Оқушыларға Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақ батырларының жасаған
ерліктерімен таныстыру ;
2.Оқушыларды ұлтжандылыққа ,өз Отанын қорғауға тәрбиелеу;
4.Ұкыптылыққа жауапкершілікке,жаксыдан үйреніп,жаманнан жирене білуге тәрбиелеу:
Көрменің өткен мерзімі: 6.05. 2022 жыл
Көрнекілігі: Кітаптар, суреттер,буклеттер,қанатты сөздер.
Көрмеге ақын жазушылардың көптеген кітаптары қойылды,атап айтсақ Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», «Алыстан салем жолдаймын», «Генерал
Панфилов», «Б.Момышұлы I-II том», Б.Момышұлының « Қанмен жазылған кітап», Қ.Қайсенов «Жау тылындағы бала», Ш.Мұртаза «Соғыстың соңғы жесірі», «Қазақ жауынгері Ұлы отан соғысы майданында», «Маншук Маметова», Б.Момышұлының «Ақиқат пен аңыз»,«1941-1945» және басқа кітаптар қойылды.1- 11 сынып оқушылары катысып соғыс туралы өлеңдерін айтып белсене
қатысты.Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағының халықтары,соның ішінде қазақ халқы үшін үлкен сынақ болды.Бүкіл әлемде,соның ішінде КСРО кезеңінде Ұлы Отан
соғысы деп аталған,1941-1945 жылдардағы соғыс тақырыбына арналған кітаптар көп таралыммен жарық көрді.Оның ішінде ең ірісі он томдық «История второй мировой войны» кітабы жарық көрді.Оқушылар ақын жазушылардың
шығармаларымен танысып Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің өмір баянымен танысып,көптеген мағлуматтар алды.
2022-2023 оқу жылы 20- мамыр айында « Үздік оқырманды анықтау» оқырман байқауы 1-11 сыныптар арасында байқау өткізілді.
Атқарылатын жұмыстың мақсаты:
- Оқушылардың кітап оқуға құштарлығын арттыру
- Ана тілінде еркін әрі таза, әдеби тілде көркем сөйлеп, жылдам ойын қорытып, жауап беруге дағдыландыру;
-Оқушыларды кітап оқуға ынталандыру, жыл бойы кітап алып оқыған оқушыларды мараппаттау;

Байқауға оқушылар белсене қатысты жыл бойы оқыған кітаптарын тізімдеп айтып
,солардың ішінен ең қызықты кітаптан үзінді айтып берді. Осындай оқуға құштар оқушыларымыз бұданда көп көбейе берсін,оқырмандармыз жылда арта
берсін.Атап айтсақ оқушыларымыз Катес Бекнур,Нұркелді Нұрай,Айтбек

Айнара,Аманжол Ақниет,Бисенбеқызы Айбота,Карипжан Аміржан,Алайдарова Қурманай,Алайдарова Сағыныш,Бақыт Інкар,Рауаят Аруна,Қанатбек
Заңғар,Ибраева Нурдана,Дуйсенбай Ақниет,Дуйсенбай Ақарыс,Бкақытжан Рамазан,Зарлыбек Нурзада,Хайратбекова Инабат кітапханамыздың «Үздік оқырман» грамотасымен марапатталды. Жыл сайын кітапханаға керекті
баспасөздерді жазып аламыз. Мысалы: «Егемен Қазақстан», «Огни Алатау»,
«Жетісу», «Білім шапағаты», мұғалімдер өз шығармашылығын жетілдіру мақсатында «Ана-тілі», «Ұстаз әдістемесі», «Жамбыл», «Қазақ әдебиеті»
«Мұқағали», «Республика ұстазы», тағы да басқа әдістемелік журналдарға
жазылады.Кітапханада балаларға арналған журналдар бар.Мысалы: «Балалар әлемі», «Періште», кітапханада ұйымдастырумен өтетін қандай да мәдени
көпшілік жұмыс болмасын мұғалімдерсіз, оқырмандарсыз атқарылмайды.
2023 жылдың 1-5 маусым айы күндері 1-11 сынып оқушыларына берілген оқулықтардың тазалығын тексеріп, мектеп басшысының бекітуімен оқулықты қабылдау туралы кесте түзілді, сынып жетекшілерімен біргелікте оқушылардың ата - аналары кітапханаға келіп оқулықтар толық қабылдап алынып,2023-2024 жаңа оқу жылына 1-11 сынып оқушыларына оқулықтар берілді.



Кітапхана меңгерушісі: М.Жубаниязова