Өзін өзі бағалау » 11 «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №11 жалпы білім беретін орта мектебі» Мемлекеттік коммуналдық мекемесі.
Алматы облысы білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімінің
"№11 жалпы білім беретін орта мектеп"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
14
июль
2023

Өзін өзі бағалау

1 қыркүйек білім күніне орай «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында өткен салтанатты жиын туралы
Информация
Жаңа оқу жылының басталуы қарсаңында білім алушылардың бойында жағымды көңіл-күй, оң көзқарас қалыптастыру.
қатысушыларды өткен оқу жылының жетістіктерінен хабардар ету;білім алушылардың бойында оқуға құштарлық пен білім алуға деген ұмтылысын қалыптастыру,білім алушылардың бойына отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту,өзара құрмет пен түсіністікке негізделген мектеп мәдениетін қалыптастыру.
• 1қыркүйек білім күніне орай «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
• Жиында 1сынып оқушылары және сынып жетекшісілерімен бірге ортаға шықты.
• Салтанатты жиынға ҚР мемлекеттік ту кіргізілді және гимн орындалды.
• «Алғашқы қоңырау» мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Ильчибаева Бақыт Социаловнаға берілді.
• Ән «Ұстазым» Хайратбекова Талшын мен Шаукен Ералы
• Салтанатты жиынға қонақтар: Қайнар ауылдық округінің әкімі Манапбаев Н және қамқоршылық кеңес төрайымы Глушко В.С, қамқоршылық кеңес мүшесі Базарбаева Л.С шақырылды, қонақтар құттықтау сөз сөйледі.
• Мектеп табалдырығын атағалы отырған 1 сынып оқушылары өлеңдерін оқыды.
• «Шабыт» биі «Жұлдыздарым» би тобы
• Ізгі тілектерін айту үшін ата-аналар атынан 1 «А» Ибыжанова Гүлден және
1 «Б» Жумашкенова Мадинаға сөз берілді.
• 11 сынып оқушылары 1 сынып бүлдіршіндеріне сыйлықтарын табыс етті.
• Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 1 сынып оқушылары: 1 «В» сынып оқушысы Рахымжан Ақниет, 1 «Г» сынып оқушысы Абляжан Айғаным, 1 «Б» сынып Петухов Матвей және Қайнар ауылдық округінің әкімі Манапбаев Н бірге
соқты.
• Алғашқы қоңырау мерекесі 2022 - 2023 оқу жылының алғашқы сынып сабағымен жалғасты.

• «Ұстаздық ұлы қызмет!» атты ұстаздар күні мектепішілік іс-шарасының анықтамасы
2022-2023 оқу жылы қыркүйек айының 30-жұлдызында мектеп мұғалімдерін төл мерекелерін атап өту мақсатында «Ұстаз ұлы тұлға!» атты мектепішілік
іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. «Ұстаз ұлы тұлға» десек артық емес шығар! Мектебіміздегі аяулы да, ардақты ұстаздарымызды 9-11 сынып оқушылар таңертеңгісін мектеп қабырғасында әуелеткен әуенмен
құттықтады. Осы орайда мектебіміздің ДТІЖО Шуйиншибаева Ж.К мен педагог ұйымдастыршы Сәмбетбаева. Ж. Қ және мүзыка пәнінің мұғалімі
Гайсина У.К ұйымдастыруымен мектеп акт залында мектепішілік концерттік бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Бағдарламаға жас мамандар
арасынан өнерпаздар қатысып, көрермен мұғалімдер көзайымына айналды.
Концерттік бағдарламада мектеп директоры Ильчибаева Б.С мұғалімдер
күніне орай ұздарды марапаттады. Музыка пәнінің мұғалімі Гайсина У.К мен шәкірті Ержан «Ұстазбен шәкірт» монологы, Сатликов Жарас «Ұстаздар»
атты монолог, Шуйиншибаева Ж.К «Аппақ гүлдер» әнін орындады.
«Қарттарым-асыл қазынам» атты қарттар күні
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың қадір-қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлау білуге, өз ата-бабасын ұмытпай есте сақтауға және аталы
сөзбен ғибрат алуға тәрбиелеу. Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салты-дәстүрінен нәр алуға,инабаттылық пен
мейірімділікке тәрбиелеу. Ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.
Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп-
өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді
қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен
мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата- әжелеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық
көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Үлкендіктен ешкім құтыла алмаған. Бірақ
кәріліктің өзінің сәні – мәні бар. Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.

Алтын күз туралы анықтама
Күз – ол төрт мезгілдің бірі. Күзді төрт мезгілдің ең әдемісі, ең алтыны деп айтуға болады. «Алтыны»-, деп атып отырғаным, ол кезде айналанын бәрі сары түске боялғандай болып көрінеді. Күзде түн ұзарып, күн қысқарады. Күз айлары суық болады. Жиі-жиі жаңбыр жауып тұрады. Күздің келгенін ауа-райының бұзылуынан бірден сезіп, білуге болады. Күн табиғатты аз
жылытып, табиғат қысқы ұйқыға дайындала бастайды. Ағаштағы қурап бара жатқан жапырақтар желдің күшімен жерге түседі. Жапырақтар түстерге өте бай: қызыл, сары, қызғылт. Тура бір жерге алтын кілем төселгендей болады. Кейбір адамдар жеміс-жидектерін жинап жатса, біреулер өз ауласын түскен жапырақтардан тазартуда. Бұл жерден адамдардың қызу еңбек үстінде екенін көреміз. Себебі, диқаншылар да егіс даласында дән жинап жатса, ауыл
адамдары болса, қысқы отындарын жинауда. Ал жануарларға келетін болсақ, қоян, қасқыр сияқты жыртқыш жануарлардың жүндері сол уақытта қалың бола бастайды. Құстар жылы жаққа ұшудың қамын ойластырып,
дайындалады. Жәндіктер азайып, гүлдер солып қалады. Дегенмен, күздің сұлулығын сөзбен жеткізу мүмкін емес.Осы алтын күздің сұлулығын оқушыларымыз өз өнерлерімен, қолөнерлерімен бөлісіп, 1-10 сыныптар
арасында оқушылар алтын күзге арнап онлайн форматта бейнеролик түсіріп, түсірген бейнероликтерді инстаграм желісіне жүктеп нәтижесі шығарылды. Бас жүлде 8 «Ә», І орын 1 «А», ІІ орын 4 «Ә» иеленді.

«Тәуелсіздік күні » арналған анықтама
Мақсаты: 1.Школьникам қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елінің азаттығын, еркіндікті аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу. Тәуелсіз Қазақстанның 21 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.
2. Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей , қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру.
3. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық сезімдерін тәрбиелеу.
Желтоқсан оқиғасы арқылы жүздеген жылдар бойы бабаларымыздың армандаған егемендігіне қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету
жолында талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейт болғандарын көрмендерге жете ұғындыру, оқушылардың дүниетанымын кеңейту.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан жауқазындарды еске ала отырып, олардың ерліктері жөнінде мәлімет беру. Тәрбие сағаттар өтілді. Тәрбие сағаттарына барлық сынып қатысты. Сонымен қатар, оқушыларға осыдан 31 жыл бұрын, яғни, 1986 жылы Алматының бас алаңында желтоқсан оқиғасы болды. Бұл
оқиға дүниені дүр сілкіндірді. 1986 жылы желтоқсандағы көтеріліске жастар жаман оймен барған жоқ.олар бейбіт жолмен Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан «Қазақстанға қазақ басшы!», «Әр халыққа-өз көсемі!» деген
ұранмен «Менің Қазақстаным» әнін айтып алаңға шыққаны жайлы мәлімет беріп өтті. Барлық сынып жетекші сынып сағаттарын өтті. Өтілген
жұмыстары интаграм желісіне жүктелді.

Жас Ұлан Жас Қыран ұйымына оқушыларды қабылдау туралы анықтама
Республикалық бірыңғай "Жас ұлан" балалар және жасөспірімдер
ұйымы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған. Бұл ұйым қоғамдық ұйым болып табылады. "Нұр Отан" ХДП XIII съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін "Жас ұлан" бірыңғай балалар ұйымының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.Тәуелсіздіктің жылдығына орай 2011 ж. 6 шілдеде "Елорда күніне" орай "Бірыңғай "Жас ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымы"
республикалық қоғамдық бірлестік құрылды. 26 тамыз күні "Жас ұлан" ұйымының құрылтайы өтті. Ұйымның Кеңес мүшелері, жұмыс жоспары қабылданды, ресми нышандары бекітілді. 2011 ж. 1-қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев " Жас ұлан" балалар мен
жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.
"Жас ұлан" - өскелең ұрпақты жоғары рухани
- адамгершілік құндылықтар,гуманистік,демократиялық ұстанымдарға негізделген қазақстандық патриотизм рухында қалыптасқан ұйым. "Жас ұлан" өз қызметінде ҚР-ның Конституциясын,заңнамасы және де басқа нормативтік құқықтық актілерін, ҚР-да ратификацияланған халықаралық актілерді басшылыққа алады.
Ұйымның мақсаты: өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық,беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз
Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұйымның міндеттері: Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті
қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен
жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікті қалыптастыруға,
көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.Біздің мектепте «Жас Ұлан» ұйымына 76 оқушы 4 «А», 4 «Ә», 4 «Б», 4 «В» сынып оқушылары
қабылданды. Әр сынып топ басшылары АНТ қабылдады. «Жас Ұлан» әні шырқалды. Сынып жетекшілер оқушыларымен бейнеролик жасады, жасалған бейнероликтер мектептің әлеуметтік парақшасына жариялады. Әрі қарай тәрбие сағаттарымен толықтырылды.

Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шараға анықтама
Жаңа жыл мерекесіне дайындалу жұмыстары Жаңа жылдық безендіру орындары сыныптар бойынша бөлінді, қойылымдарды дайындауға жауапты тұлғалар тағайындалды, ертеңгіліктер мен кештерді өткізу кестесі бекітілді.
Көркемдік және музыкалық жетекшілер мерекеге дайындықты
жүргізді. Жаңа жылдық қойылымдарға қатысушылар үшін костюмдер тігілді. Үлкен зал төрінен шырша орын алды. Желтоқсанның 24,25 күндері екінші ауысым уақытында оқушылар өздеріне бөлінген орындарды
безендірді. Әр сынып (1-11) ата-аналарымен бірге жаңа жыл мерекесіне өз үлестерін қосты. Безендіру жұмыстарына ата-аналар мен оқушылар белсене қатысты. Жаңа жылдық шырша мерекесі де басталды, безендірілген залдан қонақтарымыз үлкен әсер алды.
2023 жылдың желтоқсан айының 27-ші, 28-ші жұлдызы 1-4 сынып оқушылары үшін, «Аяз Ата және бәріміз, бәріміз» атты жаңа жыл ертеңгілігі басталды. Жаңа жылдық сахна қойылымдарын болды. Ертегі
кейіпкерлерінің рөлдерін ойнаған 11,10,8,7,6,3,4 сыныптардың оқушылары мен Аяз Ата, Аққала, Ақшақар рөлдерін нақышына келтіріп ойнаған
кейіпкерлер көрермен қауымға жаңа жылдық көңіл сыйлады. Балаларда кейіпкерлерді ортаға алып, шыршаны айналып ән айтып, ойындар ойнап мерекенің сәнін келтірді. Жаңа жылдық қойылымдарға қатысқан мұғалімдер мен оқушылар өздерінің шығармашылық шеберліктерін,
ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетті. Ортаға Аяз Ата да келді, шырша шамы жарқырады, нағыз Жаңа жыл мерекесі енді басталғандай балалар
қуанып, шыршаны айналып ән шырқады.
28 желтоқсанда 7,8-сыныптардың оқушылары үшін, «Жаңа жылдық саяхат» кеші өткізілді.Кеш бағдарламасы бойынша сыныптардың
шығармашылық топтары ән, өлең айтып, қойылымдар көрсетіп әлем
елдеріндегі Жаңа жылды қарсы алу салтын көрсетті. 8 «а» сыныбының қыз балалары жапон биін биледі. 8 «б» сыныбының оқушылары қазіргі мәнерде ертегілер көрсетті. 7 «б» сыныбының оқушылары Бразил халқының Жаңа жылды қарсы алу дәстүрін көрсетті. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға ойындар, конкурстар өткізді. 7,8-сыныптардың кештері Жаңа жылдық бимен аяқталды

Алғыс айту күнін атап өтілді іс –шараға анықтама. Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.Бұл - Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым,
Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген
Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды.Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен бір-біріне қолдау көрсету біздің
еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып
қалыптасты.Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін
сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс
айтамыз.Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын созып, иық тіреп көмек
көрсету - Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет қалыптасқан.Отанымыздың тарихы мен
жинақтаған тәжірибесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін көруге болады.Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы, жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың
жетекшілігімен, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар еңселі ел болуымызға негіз
қалады.Бұл - Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген барлық жетістіктерін айқындап, Үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен
орындауға берік іргетас болып отыр.Алғыс айту күні, Қазақстан халқына тән асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік
қосымша серпін алады.Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен еске
аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір- бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін
жалғастырамыз.Біз, бүгін, ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Біздің алғысымыз бен достығымызды
қабыл алыңыздар!Біз, 1 наурызда - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың іргетасы, Ұлт Көшбасшысы басқаратын Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күнін атап өтілді.

Жолда жүру ережелерінің анықтамасы

Жол қозғалысы ережелері бойынша 1-ші сыныптан бастап 8-ші сыныпқа дейін жол қозғалысы қауіпсіздігі және медициналық көмек көрсету тақырыптарын қоса отрып, айына екі рет қана жүргізілсін.
Жол қозғалысы ережелерін игеруіне 1-4 сыныптарына жылына әр сыныпқа 18 сағат беріледі, ал 5-8 сыныптарына жылына әр сыныпқа 14 сағаттан беріледі. Осымен ЖҚЕ бойынша оқу бағдарламсы 1-4 сыныптарында келесі пәндері санағы бойынша өтеді (хат, әуен, қоршаған ортамен танысу, тілді дамыту, сыныптан тыс оқу, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу) және ай сайын күнтізбе жоспарына енгізу. 5-8 сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында сынып сағаттар және факультативтер есебімен өтеді.
Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, еңбек сабағы мұғалімдерімен іске асырылады.Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама тілді дамыту, сыныптан тыс оқу, дене шынықтыру, бейнелеу өнері, еңбекке баулу) және ай сайын күнтізбе жоспарына енгізу. 5-8 сыныптарында ЖҚЕ сабақтан тыс уақытында сынып сағаттар және факультативтер есебімен өтеді.Жол қозғалысы ережелерін оқыту сабағы жалпы мектептің бастауыш сыныптары мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен, еңбек сабағы мұғалімдерімен іске асырылады.Журналда жеке бет толтырылады, онда дәріс тақырыптары жазылады, сабақта болулары туралы белгі қойылады және оқушылар білімінің сабақ бойынша бағалары тіркеледі. Бағалар өлшемі гуманитарлық пәндер бойынша баға қоюдың жалпылама қабылданған нормаларына сәйкес келеді. Әдеттегідей, сабақты сынып жетекшілері жүргізеді және ЖҚЕ оқытып, үйретуге жауапты адам мен әкімшілік бақылауда ұстайды.
ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі- оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады.Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.ЖҚЕ бойынша оқушылармен дәрістерді арнайы жабдықталған бөлмеде немесе арнайы автоалаңда (мектеп ауласында, дене тәрбиесі залында) көрнекі-оқу құралдарын, жабдықтарды және балалардың көлік құралдарын пайдалана отырып өткізу ұсынылады.Алаңда өтетін жерлерде: жол қиылыстарында, жүргіншілер өтпесінде жол таңбалары салынады; уақытша немесе тұрақты бағдаршамдар, жол белгілері мен басқа да жабдықтар орнатылады.
Кейбір сабақтарды көшеде, жол қиылысында, алаңда (көлік құралдары қозғалысы мен жүргіншілер жүрісін көрсете отырып), қоғамдық көлікте өткізу ұсынылады.Дәрістерді, жекелеген әңгімелерді, экскурсияларды және т.с.с. өткізу үшін мұғалім (сынып жетекшісі) жол полициясы қызметкерлерін, көлік

құралдары жүргізушілерін тарта алады.Оқыту және сыныптан тыс жұмыс процесінде оқушыларды көшелер мен жолдарда өздерін саналы ұстауға, жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындауға тәрбиелеуге ықпал жасайтын қысқаметражды кинофильмдер, бейнефильмдер, диафильмдер, диапозитивтер көрсетіледі, КТК-лар, викториналар, жүргіншілер мен велосипедшілер қозғалысы қауіпсіздігі жөнінен жарыстар ұйымдастырылады. Әрбір сабақтан соң бақылау сұрақтары, тапсырмалар көмегімен оқушының Жол қозғалысы ережелерін қалай меңгергендігін анықтайтын тексеріс жүргізу қажет.

Анықтама
1 наурыз күні біз жалпы халықтық мереке – Алғыс айту күнін атап өтілді.
Бұл мереке біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпы ұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні.Бұл - Ұлы Дала елінің
ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және Болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен бекітілген Алғыс айту күні - бейбітшілік пен келісімнің
президенттік саясатының жарқын көрінісіне айналды.Мемлекет басшысының сындарлы саясатының арқасында ел ішінде қалыптасқан өзара түсіністік пен
бір-біріне қолдау көрсету біздің еліміздің, біздің қазақстандық үлкен отбасының рухани қағидаты болып қалыптасты.Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ
жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз.Қиын-қыстау жағдайда бір-біріне қол ұшын
созып, иық тіреп көмек көрсету - Дала халқы үшін жазылмаған заң. Мұндай дүниетанымның негізінде адамға деген шынайы құрмет
қалыптасқан.Отанымыздың тарихы мен жинақтаған тәжірибесінен асқақ гуманизмнің, адал ниет пен шынайы ризашылықтың мыңдаған дәлелдерін
көруге болады.Көптеген жылдар бойы миллиондаған тағдырлардың тоғысуы,
жүздеген этностардың өзара араласуы, дәстүрлері мен өмірлік ұстанымдарының ұштасуы дара Көшбасшымыздың жетекшілігімен, қайталанбас рухани және бірегей мәдениеті қалыптасқан ұлт болып ұйысып, болаттай берік бірлігі бар
еңселі ел болуымызға негіз қалады.Бұл - Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары
қол жеткізген барлық жетістіктерін айқындап, Үшінші жаңғырудың міндеттерін абыроймен орындауға берік іргетас болып отыр.Алғыс айту күні, Қазақстан
халқына тән асыл қасиеттер - патриотизм, абырой мен әділдік, құрметтеу мен ізгілік қосымша серпін алады.Бұл күні біз, ата-бабаларымызды ризашылықпен
еске аламыз, ата-аналарымызға, мұғалімдерімізге, зейнеткерлерге, ардагерлерге, бір-бірімізге алғыс айтып, халқымыздың қайырымдылық дәстүрлерін
жалғастырамыз.Біз, бүгін, ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары жазықсыз жапа шеккен қазақ халқының ұлдары мен қыздарына пана болған елдерге шексіз ризашылығымызды білдіреміз! Біздің алғысымыз бен достығымызды
қабыл алыңыздар!Біз, 1 наурызда - қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудың іргетасы, Ұлт Көшбасшысы басқаратын Қазақстан халқы
Ассамблеясының құрылған күнін атап өтілді.

Анықтама
«Соңғы қоңырау» мерекесі

№11 жалпы білім беретін мектепте 1 маусым күні соңғы қоңырау
мерекесінің салтанатты жиын болып өтті.Жүргізушілер ортаға әр түлекке
сипаттама ретінде шығарылған өлең жолдары арқылы 11 сынып оқушылары және сынып жетекшілері шықты. Дәулет ауылы №11 орта мектебіде жұмыс жасап кеткен ардагер ұстаздар, құрметті қонақтар келіп, құттықтау тілектерін білдірді. Мектеп директоры Махметова Айгуль Аблановна
мектеп бітіруші түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, биылғы жылдың
жетістіктерін айтып, түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар оқу үздіктері мен «Жыл оқушысы-2023» диплом, мақтау қағаздары табыс етті. «
Жалқаубек » әнін орындады , «Бипыл » би тобының бишілері би биледі. Мереке жалғасы мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең,ән – жырларымен, «Мектеп вальс» 11 сынып түлектері биледі. Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас 1 - сынып оқушылар сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды. Осылайша сыңғырлаған
қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты.Мерекелік жиын өте жоғары дәрежеде өтті.